Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғарғы білім министрлігінің IRN AP14871932 «Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы мен мәдени жадының аудиовизуалды сюжеттері (ХІХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы)» ғылыми жобасы аясындағы халықаралық ғылыми вебинары

 2024 жылдың 26-шы сәуір мен 29-шы сәуір күндері  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінде Қазақстан Ресубликасының ҒжЖБМ бекіткен ЖТН АР14871932 «Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы мен мәдени жадының аудиовизуалды сюжеттері (ХІХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басы)»  тақырыбындағы  (2024 жылдың 18 қазандағы № 235/30-22-24 келісім шарт, жоба жетекшісі – т.ғ.к., доцент Далаева Т.Т.) ғылыми жобасы аясында халықаралық ғылыми вебинар өтетінін хабарлайды. Вебинар аралас форматта өткізіледі: шетелдік және резидент емес қатысушылар үшін онлайн форматында (ZOOM) және Алматыдан келген қатысушылар үшін біріктірілген түрде өтеді.
Вебинардың мақсаты – ХІХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы қазіргі ғылыми және қоғамдық медиа кеңістігінде ұсынылған қазақ және әлемдік мәдениеттің аудио және визуалды дереккөздеріндегі әлеуметтік тарих пен тарихи жадының мазмұнын тарихи-антропологиялық зерттеу болып табылады.
Фотоқұжаттар секциясы бойынша вебинар 2024 жылдың 26-шы сәүір күні, Алматы қ. уақытымен сағат 16:00 басталады.
Кинокұжаттар секциясы бойынша вебинар 2024 жылдың 29-шы сәүір күні, Алматы қ. уақытымен сағат 15:00 басталады.
Баяндамалардың аннотациясымен вебинардың Бағдарламасында танысуға болады.
Вебинар бағдарламасына сілтеме:

https://drive.google.com/file/d/1twS2Pl0dlneiK_FkFr2IQw2KhjQBO81x/view?usp=drivesdk

Абай университеті жоспарланған вебинарға шақырады: Zoom

26.04.2024, в 16:00 Астана қ. уақытымен /г.Алматы

29.04.2024. в 15:00 Астана қ. уақытымен /г. Алматы

Қосылу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/8807746662?pwd=ZzlUd0Q5ckk0eVRpMGI2aVRpeFF2QT09&omn=88901718061


Конференцияның идентификаторы: 880 774 6662
Қол жеткізу коды: Visual88