Қазақстанның визуалды антропология зертханасы
Мақсат:
Зертхананың мақсаты – тарихи сананы жаңғырту міндеттері тұрғысында, сондай-ақ осы мәселені оқу-үрдісіне енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеумен ХІХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасыр басындағықазақстандық мәдениеттің визуалды деректері бойынша визуалды баяндау мен субъективтілікке ие болу тәжірибесі бойынша тарихи-антропологиялық зерттеуге арналған онлайн платформасын құру. 
Зертхана кітапханасын визуалды мазмұны бар қазақстандық мәдени формаларының синергетикалық сипатын көрсететін және олардың қазіргі заманнан бүгінгі күнге дейінгі эволюциясын жан-жақты трансдисциплинарлық зерттеуге мүмкіндігін беретін ақпаратпен толтыру жоспарланып отыр. Әлемдік гуманитарлық ғылымдардағы цифрландыруға байланысты визуалды тұлғаның эволюциясына, субъективтілігіне және семиотикасына баса назар аудара отырып, бейненің трансдисциплинарлық теориялары қалыптасуда. Тарихи-антропологиялық контекстке визуалды енуі көзбен көруді, қабылдаудың мәдени әдістерінің мағынасына көзқарас пен тарихи білімнің бейнелерде қалай жаңғыртылатынын ажыратады. Зертхана аясында біз Қазақстанның Жаңа дәуір мен бүгінгі күннің визуалды мәдениетін тарихи өлшемге енгізуді ұсынамыз.
Міндеттері
Абай атындағы ҚазҰПУ-де виртуалды форматта визуалды антропология зертханасын құру келесі міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
  • Материалдарды электронды форматта орналастыру: ғылыми жарияланымдар, визуалды антропологияны зерттеушілерінің онлайн дәрістеріне сілтемелер және олармен байланысты зерттеу тақырыптары; монографиялар мен оқулықтар, зерттеушілердің – тарихшылардың, антропологтардың, әлеуметтанушылардың және басқа да мамандардың pdf форматындағы ғылыми мақалалары; визуалды деректері бар жарияланған альбомдар немесе электронды кітапханалардың, мұражайлардың, ғылыми орталықтардың визуалды деректері жалпыға қолжетімді болатын ресми веб-сайттарына сілтемелер; визуалды тарихи деректермен жұмыс жасау бойынша әдістемелік нұсқаулар: (архив құжаттарының фото көшірмелері, XVIII-XX ғасыр суреттері, XIX-ХХI ғасыр басындағы фотолар, ХХ ғасырдың деректі және көркем фильмдері, телебағдарламалары), жоспарланған іс-шаралар туралы хабарландырулар.
  • Визуалды антропология саласында ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамыту мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының студенттермен өзара әрекеттесуіне ықпал ететін цифрлық құралдар негізінде бакалавриат студенттері, магистрант және докторанттармен ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.
  • Зерттеушілер үшін ғылыми конференциялар, семинарлар, тренингтер, ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру.
Байланыс
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тарих және құқық институты

Телефондар:

+7 747 791 0797 – Тенлик Токтарбековна Далаева

+7 777 910 9305 – Игорь Владимирович Крупко

Email: antrovisual.lab@gmail.com